Жаңалықтар
2023-04-24
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
- Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қоры 8282 дана кітаппен толықты
- 2023 жылдың басынан 716 нысан eQonaq жүйесіне қосылды
- Түрік туристік компаниясы алдағы 3-5 жылда Қазақстанға жылына 80 мыңға дейін шетелдік турист әкелуге ниетті: Алматыда туристік фирмалардың 1500 өкілінің қатысуымен форум өтті
- Луврда Қазақстанның Ұлттық көрмесін өткізу: Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов музей басшыларымен кеңес өткізді
- Министр Асхат Оралов Павлодар облысында адамды өрттен құтқарған мәдениет үйінің қызметкеріне алғыс білдірді
- Мәдениет және спорт министрлігі TikТok-пен бірге Дүниежүзілік кітап күніне арналған акция бастады
- Eurasian Book Fair - 2023 VI Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі елордада 40 елдің өкілдерін жинады
- JCI стандарттары бойынша клиникалар және eQonaq арқылы пациенттерді тіркеу: Мәдениет және спорт министрлігі медициналық туризм тақырыбын талқылады. 2022 жылы қазақстандық санаторий-курорттық ұйымдар 900 шетелдік туристке, ал медициналық емдеу мекемелерінде 3 884 шетелдік пациентке қызмет көрсетті.
- Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент атынан күрестен Азия чемпионатының жүлдегерлеріне құттықтау хат табыс етті
- Мәдениет және спорт министрлігі VI Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрларының фестивалін өткізеді
- 10 орынға дейін ұлғайту: Қазақстанда ұлттық құрамаларды жасақтаудың жаңа ережелері күшіне енді.