Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2026-07-28

2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.

Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.

2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
  
   Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов арнайы іссапармен барып, халықаралық мәдени және баспа саласындағы тәжірибе алмасу жұмыстарына қатысты.
    Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
  Кездесу барысында Беларусь Кітап палатасының қорында сақталған 6 миллионнан астам баспасөз өнімдері таныстырылды. Аталған қорда кітаптар, мерзімді басылымдар, авторефераттар, диссертациялар және өзге де баспа өнімдері ұзақ мерзімге сақтауға алынған. Асхат Құсайынұлы қорды сақтау жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігіне, арнайы климаттық режиммен жабдықталған сақтау орындарына және басылымдарды есепке алу мен архивтеудің заманауи технологияларына ерекше назар аударды.
   Сондай-ақ тараптар кітап мұрасын сақтау, ұлттық библиографияны дамыту, баспа өнімдерін есепке алу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Іссапар барысында Беларусь Кітап палатасының көпжылдық тәжірибесімен танысып, екі елдің кітап палаталары арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін маңызды кездесулер өткізілді.