Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2022-10-05

«Шамшырақ» кітабының тұсаукесері

«Шамшырақ» кітабының тұсаукесері

ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Шәмшабану Хамзақызының «Шамшырақ» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кешке Қазақстан Жазушылар одағының басшылары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері және ЖОО студенттері қатысты. Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Құрмет Ұарабаев ашса, шараны «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» қызметкері, журналист Жарқын Сәленұлы жүргізді. Шара барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова, филология ғылымдарының кандидаты Жолдасбек Мәмбетов, жазушы Жұмабай Біләлұлы және жазушы-журналист Жүсіпбек Қорғасбек сөз сөйледі. Сондай-ақ, тұсаукесе аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Ердәулет Сардар мен Жанарыс Тілеубек домбырамен арнау орындады.