Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2022-09-07

«Кітап өнері» XIX Халықаралық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

2022 жыл 3 қыркүйекте  ХХХV Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында өткен ТМД Атқару комитеті  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Кітап өнері» XIX Халықаралық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі болып өтті.  Биылғы байқауда Қазақстан Республикасынан төмендегідей отандық баспалар марапатқа ие болды: 

 I."ДОСТАСТЫҚ" номинациясы 
1 орын  «Қазақстан-Беларусь = Казахстан-Беларусь: әдеби альманах / Қазақстан жазушылар Одағы; Беларусь жазушылар Одағы . -  Алматы: Жібек жолы Баспа үйі, 2020 .

 II. "МЕНІҢ ЕЛІМ" номинациясы 
2 орын  «Народ Казахстана. Энциклопедия». - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" баспасы, 2019.

 III. «МӘДЕНИ ТІЛДЕСУ» номинациясы 
3 орын  Наурызбаева З., Клаус Л. «Бату мен достарының алтын тостағанды іздегені». – «Steppe & World Publishing» баспа үйі, 2021. 

IV. «БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН КІТАП» номинациясы
 1 орын  Альпеисова К. Қазақстан халықы ертегілері: 2 т.- Алматы: Алматыкітап баспасы, 2021.

V. «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ» номинациясы 
3 орын – Алтаев Ж. «Әл-Фараби және заманауи Қазақстан философиясы» –  Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2019.

VI. «АРТ – КІТАП» номинациясы 
3 орын  Абдухалимов К. Роза Бағланова. – Алматы : «Өнер - 21 ғасыр қоғамдық қоры», 2021.

 VIIІ. «ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАСЫЛЫМЫ» номинациясы
 2 орын Сәрсеке М. «Семипалатинская трагедия»  - Алматы : Қазығұрт Баспа үйі, 2021.

 ІХ. «ЖЕҢІС» номинациясы 
 2 орын  «Эхо войны»  : повесть  / перевод. А. Ахметова. – Алматы : Раритет баспасы, 2019. 

«Гран-при» номинациясы бойынша, жеңімпаз дипломымен (жоба авторлары: Т.З. Рысбеков, Д.Г. Габдуллаев )  «Орал қаласының тарихы» - Алматы: ЖШС «Liber» баспасы, 2021 

Арнайы дипломмен Кабикызы С. «Открытый космос Талгата Мусабаева» - Нұр-сұлтан : «Фолиант»  Баспа үйі, марапатталды.
Сондай-ақ, 2021 жылы ТМД елдері арасында үздік кітап сату мекемелері конкурсында бірінші орынды отандық «Qazyna» кітап сату дүкені иеленді.