Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2022-10-19

Үкімет қаулысы: 24 қазан – кітапханашылар күні

Үкімет қаулысы: 24 қазан – кітапханашылар күні

Үкімет «Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін бекітті. Бұл мереке 24 қазан күні атап өтіледі. 

 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысынамынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

«38-1. Кітапханашы күні – 24 қазан».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Ә. Смайылов