Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2025-04-13

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ - 10 КҮН ҚАЛДЫ!

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ - 10 КҮН ҚАЛДЫ!

►   ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ - 10 КҮН ҚАЛДЫ!   
 2025 жыл – қазақ әдебиетінің алтын қорын байытқан көрнекті қаламгерлердің мерейтойымен есте қалмақ. Халқымыздың рухани өміріне өлшеусіз үлес қосқан бес бірдей мерейтой иелері және олардың тұңғыш жинақтарын назарларыңызға ұсынамыз!
     1. Қадыр Мырзалиев – туғанына 90 жыл
Оның алғашқы жыр жинағы – «Көктем» 1959 жылы жарық көріп, поэзия әлеміне жаңаша серпін әкелді.
     2. Қалихан Ысқақов – туғанына 90 жыл
Оның алғашқы кітабы – «Қоңыр күз еді» 1966 жылы жарық көріп, қазақ прозасына жаңа бағыт әкелді.
     3. Тынымбай Нұрмағамбетов – туғанына 80 жыл
Оның алғашқы кітабы – «Қауын иісі» 1972 жылы жарық көріп, шынайы өмір мен нәзік сезімді көркем тілмен жеткізе білді.
     4. Ілияс Есенберлин – туғанына 110 жыл 
Оның алғашқы көркем туындысы – «Айша» повесі 1945 жылы жарық көріп, әдебиет әлеміне оның ерекше үні мен азаматтық позициясын танытты.