Жаңалықтар
2022-03-09
Құрметті Смағұл Абатұлы!
Сізді мерейлі жасыңызбен құттықтаймыз.
Құрметті Смағұл Абатұлы!
Сізді мерейлі жасыңызбен құттықтаймыз.
Сіздің шығармаларыңыз арқылы Тәуелсіз елдің ұландары отансүйгіштік, елжандылық сияқты қасиеттерді бойына сіңіре білді. Жазушылық ғұмырыңыз ақ қалам мен қағаз бетінде ғана емес, бүгінгі еліміздің өмірімен біте қайнасқан асыл мұрасына айналып, алтын қорына енді. Көгілдір экраннан кино тілімен сөйлеген туындыларыңыздан Сіздің ғажайып ұлт болып өмір сүруіміз керек деген арманға, күреске толы өмір жолыңызды көреміз. Ұлт үшін күреске толы жылдар жемісін беріп келеді. Өзіңіз армандаған ұлттың жарқын келешегін көру үшін ұзақ ғұмыр жасаңыз. Биігіңізден түспей, халқыңыздың қалаулысы тағында отыра беріңіз.
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы.