Жаңалықтар
2026-02-09
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ҚазҰу журналистика факультеті студенттерімен “QUIZ”ойыны өтті
Ұйымдастырылған QUIZ ойыны — ақын мұрасын ұлықтауға, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған мазмұнды зияткерлік шара болды. Іс-шара барысында “Баспа ісі” мамандығында білім алушыларға ҚР Ұлттық кітап палатасына жұмысқа орналасу бойынша толық ақпарат берілді.
Сайыс барысында қатысушылар Мұқағали шығармашылығын терең меңгергенін, өлеңдерінің мазмұны мен мағынасын жан-жақты түсінетінін, поэзияға деген құрметі мен білімін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын жоғары деңгейде көрсетті. Әр кезеңде қойылған сұрақтар тек ақын өмірі мен шығармашылығын ғана қамтып қоймай, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен руханиятына қатысты білімді де талап етті.
Қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әдеби мұраға деген ерекше ықыласын танытты. Олардың белсенділігі мен білім деңгейі, ой ұшқырлығы мен топтық бірлігі сайыстың көркін арттырып, мазмұнын тереңдете түсті.
Бұл QUIZ ойыны жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, рухани дүниетанымын кеңейтуге, ұлттық мәдениет пен тарихқа деген құрметін нығайтуға ықпал етті. Мұқағали мұрасы арқылы өскелең ұрпақтың санасына отансүйгіштік пен рухани байлықтың маңызын сіңіруге мүмкіндік берді.