Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2024-05-14

Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады

Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады

     Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады.
    Жергілікті мешіттен XIX-XX ғасырдағы мыңдаған сирек құнды қолжазба табылды, оның 27-сі орталыққа табысталды. Кітаптар қатарында Абдулла Румидің «Ескі түркі тілі» кітабы, «Қырық хадис» тәржімасы, Бүкіл советтер союзындағы барлық мұсылмандарға мүджрах, Төте жазудағы өлеңдер, тағы да басқа мұралар бар.
⠀
    Экспедиция мүшелері ғалым-тарихшы Амантай Исаұлының жеке ғылыми кітапханасымен танысып, ғалымның қолынан 15 қолжазба мен сирек кітаптарды Ұлттық орталық қорына алды. Оның ішінде 1888 жылы жарық көрген «Ғылым халы» мен 1891 жылы басылған «Тәржіма ғин әл ғалам» кітаптары және ХХ ғасырдың бас шенінде Қазан, Орынбор, Уфада қаласынан шыққан сирек кітаптар бар.
⠀
    «Осы мешітте табылған сирек кітаптар мен қолжазбалардың мол қоры өңірдің тарихының ажырамас бөлігі ретінде бабаларымыздың баға жетпес мұрасы. Оны сақтап қалу – өте маңызды», – деді Реставрация және консервация бөлімінің басшысы Сырым Ботабеков.