Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2026-06-15

ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ МҮМКІНДІК!

ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ МҮМКІНДІК!

Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасуда.
Бұл сыйлық жас қаламгерлерді қолдау және талантты ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тағайындалған. Биыл сыйлық төртінші рет табысталмақ.
🔹 Қатысушылар: 18–35 жас аралығындағы қаламгерлер;
🔹 Ұсынылатын шығармалар бұрын халықаралық немесе республикалық байқауларға қатыспаған болуы тиіс;
🔹 Әр автор тек бір номинация бойынша өтінім бере алады.
📖 Номинациялар:
* Проза
* Поэзия
* Драматургия
* Балалар әдебиеті
📅 Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 маусымға дейін.
📍 Өтінімдерді қағаз және электронды түрде келесі мекенжайға жолдау қажет:
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273-кабинет.

📞 Қосымша ақпарат:
+7 (707) 525 24 54
8 (7172) 740-407
8 (7172) 740-384
8 (7172) 740-408
Өз талантыңызды танытып, Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегері атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!