Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2026-10-22

Қазақстан өкілдері Душанбе қаласындағы XIV Халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысуда

2026 жылғы 22–24 қазан аралығында Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында XIV Халықаралық «Китоби Душанбе» кітап жәрмеңкесі өтуде.

Қазақстан өкілдері Душанбе қаласындағы XIV Халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысуда

    2026 жылғы 22–24 қазан аралығында Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында XIV Халықаралық «Китоби Душанбе» кітап жәрмеңкесі өтуде.
   Халықаралық кітап жәрмеңкесі кітап оқу мәдениетін насихаттауға, баспа саласындағы жетістіктерді таныстыруға, баспалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған.
   2026 жылғы 22 қазанда «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» РММ-нің қызметкері Ақмарал Балташқызы Қыизбаева конференция мен дөңгелек үстелдер аясында «Кітап оқуды насихаттау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
   Сонымен қатар, халықаралық іс-шараға Қазақстан Баспагерлері, полиграфистері мен кітап таратушылары қауымдастығының өкілі Бағдат Құдияр қатысуда.
   Көрме аясында қазақстандық баспалардың кітаптары ұсынылып, отандық баспа өнімдерін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік беріледі.
Қазақстан өкілдерінің халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысуы ұлттық әдебиетті шетелде насихаттауға, кітап оқу мәдениетін дамытуға және халықаралық әріптестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.