Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
20-05-2020

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Ұлттық аударма бюросы арасындағы әріптестік серіктестіктің нәтижесінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің тырнақалды туындыларының электронды нұсқасы оқырман қауымға жол тартты. 

Тырнақалды туындылар Кітап палатасының мұрағатында толық сақталған. Ұлттық аударма бюросының Kitap.kz сайтында «Тырнақалды» бетінде аталған туындылар жарық көруде. 

Атап айтсақ, сіз Kitap.kz қосымшасының «Тырнақалды» бетінен төмендегідей шығармаларды еш кедергісіз оқи аласыз: 

1. Жұбан Молдағалиев «Жеңіс жырлары», 1949 жыл

2. Шерхан Мұртаза «Құрылысшы Дәку», 1958 жыл

3. Смағұл Елубай «Ойсыл Қара», 1972 жыл

4. Бексұлтан Нұржекеев «Күй толғақ», 1972 жыл

5. Есенғали Раушанов «Бастау, 1980 жыл

6. Әбіш Кекілбаев «Алтын шуақ», 1962 жыл

7. Темірхан Медетбек «Жанымның жас құрағы», 1970 жыл

8. Фариза Оңғарсынова «Сандуғаш», 1967 жыл

9. Софы Сматаев «Астана оттары», 1968 жыл

10. Қадыр Мырзалиев «Көктем», 1959 жыл. 

Жоба ауқымы кеңейтілу үстінде. Алдағы уақытта қазақ әдебиетінің марғасқаларының алғаш бәйгеге қосқан, үкілеп үміт артқан шығармаларын, тырнақалды туындыларын Kitap.kz сайтынан оқи аласыздар!

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы