Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Түркі жұртшылығының мүддесі үшін жасалған келісім
Түркі жұртшылығының мүддесі үшін жасалған келісім
07-02-2020

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынана ынтымақтастық һәм әріптестік-серіктес болу жөнінде ұсыныс білдірді. 

Ынтымақтастық негізінде қос тарап ізденушілер мен жас ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуын, академиялық құрамның ғылыми сапасын арттыруына қолдау көрсетуді, бірігіп түрлі ірі шаралар (симпозиум, семинар, конференциялар) өткізуді, өзара арнайы бағыттағы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруды көздейді. 

Кездесу барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сүмерге ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Каженбайұлы мемлекеттік мекеменің негізі атқаратын қызметін таныстырып, атқарылып жатқан жобалар туралы әңгімеледі. 

Өз кезегінде аталмыш институттың директоры бірқатар мерзімді басылымдарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған журналдары мен кітапшаларын көрсетіп, аймақтық ғылымды насихаттауда, дамытуда атқарылып жатқан жобалары туралы айтты. 

Еуразия ғылыми-зерттеу институты Кітап палатасының қорындағы көне әрі құнды деректермен танысып, халықаралық басылымдарда еліміздің марғасқалары туралы материалдар жариялауды, ғылымды дамытуға мүдделі азаматтардың, жас ғалымдардың ізденісіне қолайлылық туғызатын библиографиялық көрсеткіштер жинақтауды көздеп отыр. 

Сондай-ақ, биылғы ұлт бәйтерегі Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында қос тарап тізе қосып, ұлы ойшыл туралы айтылған, жазылған күллі материалды бір кітапқа жинастырмаққа келісті. 

«Кітап палатасына Қазақстанның кез келген жерінде жарық көрген мерзімді басылым, ғылыми жинақ және кітаптардың міндетті данасы келіп түседі. Бұл – Заңмен бекітілген борыш. Кейін ол дүниелердің барлығы тіркеліп, қатталып мұрағатқа өтеді. Қазіргі уақытта мұрағатты цифрландыру, кітап шежірелері мен газет-журналдар шежіресінің басылым санын арттыру бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қорымызда жалпы саны 5 миллионнан асатын міндетті дана бар. Алғашқысы 1899 жылдан басталады», - деді ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Каженбайұлы. 

«Бұл – өте керемет дүние, үдеріс. Сіздер Қазақстанның ғана емес, күллі түркі дүниесінің қазынасы екенсіздер. Осындай мехнатты әрі жауапкершілігі мол жұмысты абыройлы атқарып келе жатқаны үшін Түркі жұртшылығы атынан Кітап палатасының ұжымына, сіздерге ризашылық білдіргім келеді», - деді Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының директоры Вакур Сүмер. 

Кездесу соңында қонақтарға Абай Құнанбайұлының бюсті сыйға тартылып, ынтымақтастық мәмілеге келген қос тарап біріге жұмыс істеуге уағдаласып тарасты. 

 

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы