Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Владимир Бояринов Кітап палатасында қонақта
Владимир Бояринов Кітап палатасында қонақта
31-01-2020

Ресей Жазушылар Одағының Мәскеу қалалық филиалының төрағасы, белгілі ақын, аудармашы Владимир Бояринов ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына арнайы ат басын бұрды. 

Қадірлі қонақпен риясыз әңгіме айтылып, бірқатар ресми қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Өзара ықыласты басқосуда алдағы уақыт межесінде Мәскеу Жазушылар одағы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы тығыз шығармашылық қарым-қатынасты, серіктестікті нығайтатын меморандумға қол қоятын болып уағдаласты. 

Бұл меморандум қос тарап үшін де өте қажет һәм пайдалы дүние болғалы тұр. ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы көрші елдің әдебиет өкілдерімен байланыс орнататын мүмкіндік алса, олар да өз кезегінде түрлі шараларды тізе қосып ұйымдастыруға ұсыныс білдіріп, қатар жүзеге асырмақ. 

Сондай-ақ, Ресей төрінен келген қонақты еліміздегі мерейлі мерейтойлармен құттықтап, сый-сияпат жасалды. Жүйелі сөздің төркіні әдебиет пен өнерде, шығармашылықта шекара болмайтынына, тығыз байланыс арқылы тараптар әрдайым бірін-бірі толықтырып отыратынына барып тірелді. 

Әңгіме барысында әлем әдебиетінің қазіргі беталысы, замануи бағыттар, сондай-ақ, биыл 175 жылдық мерейтойы тойланып жатқан Абай Құнанбайұлы туралы сүбелі сөздер айтылды. Ресей Жазушылар Одағында өз орыны бар Владимир Бояринов сөз ұстасымен шешіле сөйлеп, ресейлік жазушылардың қазіргі қарымын, бүгінгі ахуалын баяндады.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов бастаған ұжым қазақы қонақжайлығын көрсетіп, сыйлы қонақтың кәдесін жасады. Қазақтың бас ақыны Абайдың бюстін сыйға тартып, меморандумға жылы ықылас танытқан қонақтың иығына шапан жабылды. 

Бұл кездесу – алдағы уақытта жүзеге асатын ауқымды халықаралық жобалар мен ерекше дүниелердің басы болмақ. 

 


Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы