Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Мәжіліс депутаты Кітап палатасының мәселесін көтерді (видео)
Мәжіліс депутаты Кітап палатасының мәселесін көтерді (видео)
16-09-2021
           Мәжіліс депутаты Кітап палатасының мәселесін көтерді (видео)

           ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ғимаратына және мұрағаттағы құнды жәдігерлердің сақтау стандарттарына байланысты бірқатар мәселелерді депутаттық сауал ретінде вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдады. 

«Елге барған сапарымда Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлерімен кездескен едім. Кездесуде мұрағатшылар жалақыны көтерумен қатар кітап палатасының қорын сақтау жөнінде  өзекті мәселе көтерді.
          Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мәдениет қызметкерлері мен мұрағатшылар, кітапханашылардың жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетінін айтқан еді. Бұл жаңалықты жылы қабылдадық. 

          Ал, кітап палатасының қорын сақтауда мұрағат қызметкерлерін алаңдатып келген бұл жайт мұрағатты сақтау мен қауіптің алдын алу мақсатында көтеріліп отыр. 
Осы ретте мемлекеттің тарихы мен ұлт руханияты үшін маңызды мұрағат қорларының техникалық жағдайы түгелдей тексеріліп реттелуі керек», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

 
Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы