Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Искусство книги» байқауының жеңімпаздары марапатталды
«Искусство книги» байқауының жеңімпаздары марапатталды
27-09-2021

Биыл XVIII мәрте өтіп отырған ТМД мемлекеттерінің баспа мекемелері арасындағы дәстүрлі әрі беделді байқауы – «Искусство книги» өз мәресіне жетті. Байқауға 6 мемлекеттің өкілдері қатысты. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі басталғалы отырған Мәскеу халықаралық кітап көрмесі қарсаңында өтті.

Биыл Кітап ісі, кітап тарату, полиграфия және мерзімді басылымдар жөніндегі мемлекетаралық Кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етті. Төраға қызметін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов атқарды.

Мемлекетаралық кеңестің биылғы жылға арналған негізгі тақырыбы – қатысушы мемлекеттердің барлығына тиесілі Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы. Осы тақырып және мәдени-тарихи мұраларды насихаттау бағытында шыққан 50 кітап байқаудың әр аталымы бойынша ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мекемесінің ұйымдастыруымен қазылар алқасының жиыны өтті. Онлайн басқосуға Мемлекетаралық кеңестің төрағасы Нұрқиса Мұратұлы қатысып, тараптар жүлдегерлерді анықтау бойынша ортақ шешімге келген.

Мәскеу халықаралық кітап көрмесі қарсаңында өткен халықаралық байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау іс-шарасын Ресей Цифрландыру министрлігінің Кітап индустриясы мен мерзімді басылымға мемлекеттік қолдау департаментінің Әдеби процесті, кітап көрмелерін қолдау және кітап оқуды насихаттау бөлімінің басшысы Александр Николаевич Воропаев жүргізді.

Конкурстың ақтық кезеңіне Фараон Мирзоянның «Художник и Эрос» (Армения Республикасы) үшін «Наапет» баспасы мен «Библиотека литературы Древней Руси» (Ресей) жиырма томдығы үшін «Наука» баспасы шықты.

«Халықаралық Абай клубы» баспасының (Қазақстан Республикасы) «Әбу-Насыр әл-Фараби шығармаларының жинағы» 7 томдығының үш тілдегі нұсқасы мен Белорусская Энциклопедия имени Петруся Бровки» (Беларусь Республикасы) баспасының  «Храм-памятник земли Белорусской» еңбегі Гран-при лауреаты атанды.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы тарапынан қатысқан мекемелер:

1. ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы (онлайн)

2. «Фолиант» баспасы (оффлайн)

3. «Халықаралық Абай клубы» баспасы (онлайн)

4. «Алматыкітап» баспасы (онлайн)

5. «Золотая книга» баспасы (онлайн)

6. «Балауса» баспасы (онлайн)

7. «Шикула и К» баспасы (онлайн)

8. «Mereke baspasy» баспасы (онлайн)

9. «Қазақ кітабы» баспасы (онлайн)

Қазақстандық баспа мекемелері ұсынған кітаптар арасынан 6 еңбек 1-орын, 3 еңбек 2-орын, 1 еңбек 3-орын алды.

«Достық» номинациясы бойынша:

М. Д. Шаймерденовтың «Представители этносов Казахстана в искусстве и культур. Энциклопедия персоналий» еңбегі. «Золотая книга» баспасы.

«Менің елім» номинациясы бойынша:

Светқали Нұржанның «Жұлдыздардың жұпары», «Сарыайшықтың көзесі» еңбектері. «Мерекенің баспалар үйі» баспасы.

«Мәдени диалог» номинациясы бойынша:

«Ер Едіге» шығармасының үш тілдегі нұсқасы. «Қазақ кітабы» баспасы.

«Ғылым және білім» номинациясы бойынша:

А.У. Сужикованың «Абай» еңбегі (орыс және қазақ тілдерінде). «Алматыкітап» баспасы.

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап» номинациясы бойынша:

Г.Ақжолов құрастырған «Күн астындағы Күнікей қыз» еңбегі. «Фолиант» баспасы

«Арт-кітап» номинациясы бойынша:

«Палеонтологиялық коллекция», «Археологиялық коллекция», «Қару-жарақтар коллекциясы», «Саз аспаптар коллекциясы». «Балауса» баспасы.

«Иллюстрация өнері» номинациясы бойынша:

«Г.Х. Андерсеннің ертегілері» үш тілдегі нұсқасы. «Shugylakitap» баспасы.

«Достық бедерінде» номинациясы бойынша:

М.Керриганның «Темная история римских императоров. От Юлия Цезаря до падения Рима» еңбегі. «Фолиант» баспасы.

«Жеңіс» номинациясы бойынша:

Б.Әбдіғалиұлының «Ұмытылған қаһармандар» еңбегі. «Алаш жолы» ҚҚ.

«Гран-при» номинациясы бойынша:

«Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармалар жинағы» 7 томдық (орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде). «Халықаралық Абай клубы».

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы