Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ақын Бақытжан Қанапиянов 70 жаста
Ақын Бақытжан Қанапиянов 70 жаста
26-10-2021

Кеше ҚР Ұлттық кітапханасында ақын Бақытжан Қанапияновтың 70 жасқа толуына орай «Бақытжан Қанапияновтың векзаметрлері» атты дөңгелек үстел өтті.

Ақын, жазушы, кинодраматург, Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Ұлыбритания және Малайзия елдерінің баспаларында поэзия және проза жанрлары бойынша жарыққа шыққан қырықтан астам кітаптың авторы Бақытжан Қанапияновты мерейлі жасы қарсаңында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Олжас Сүлейменов, ақын-жазушылар тобы, Қазақ ПЕН-орталығының президенті Бигелді Ғабдуллин, М: Әуезов атындағы қордың президенті Мұрат Әуезов, РФ Жазушылар одағының хатшысы Лола Звонарева, "Москва" журналының проза және поэзия бөлімінің редакторы Наталья Баева, Орыс ПЕН-клубының мүшесі Бақыт Кенжеев (АҚШ-тан онлайн байланыс) қатысты. 

Ұлттық кітапхана залына жиналған кісі қарасы қалың болды. ақынның жетпіс жасымен құттықтауға арнайы келген қонақтар жарыса сөз алып, өздерінің жылы лебіздерін жеткізді. 

Мәскеуден байланысқа шыққан РФ Жазушылар одағы мен "Москва" журналының өкілдері, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласынан онлайн дидарласқан Бақыт Кенжеев сынды азаматтардың сөзі Бақытжан Қанапиянов поэзиясының халықаралық масштабқа тамыр жайып кеткенін айқындап берді. Олар ақын өлеңдерін талдай отырып, жоғары деңгейдегі баяндамаларын оқыды. 


ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Бақытжан Қанапияновқа жолдаған құттықтау хатын оқып беріп, мерейтой иесіне табыстады.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың арнайы жолдаған құттықтау хатын ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов ақынға аманаттады.

Жиын әрі қарай бірнеше ақын-жазушылардың тілек-лебіз, баяндамаларымен жалғасты. Ақынға сый-сияпат тарту етіліп, оның құрметіне Ұлттық кітапхана қорынан "Жаһан ақыны - Жан Бақыт" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Шара аясында мерейтой иесі Бақытжан Қанапияновқа Еуразиялық ғылым, өнер және әдебиет академиясының ерекше медалі табысталды және Павлодар облысының "Құрметті азаматы" атағы берілді.  

Ақын өзінің төл мерекесіне арнайы лебіз білдірген жоғары лауазымды тұлғаларға, қаламдас-замандас достары – ақын-жазушыларға, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.  
 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы