Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесінің қорытынды отырысы өтті
ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесінің қорытынды отырысы өтті
11-11-2021

ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесінің қорытынды отырысы өтті. Кеңес аясындағы іс-шаралардың биылғы жылға арналған ортақ тақырыбы – ТМД қатысушы-мемлекеттерінің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуы. ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесінің Қазақстан Республикасы төрағалық етіп, төрағалық Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешовке жүктелген.

Ұсынылған еңбектер бойынша қорытынды шығарылып, жүлделі орындар бөлінген. Бұл отырыста жалпы Кеңестің қорытындысы шығарылып, жыл бойы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді.

Төраға ретінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Кеңес жұмыстары мен Қазақстанның баспа ісі, кітап шығару ісі жөнінде баяндама жасап, ағымдағы жылы елімізде шыққан кітаптар мен газет-журналдардың статистикаларын, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының кітап нарығына жүргізген мониторингі негізінде белгілі болған ақпараттарды бөлісті.

«Биыл жемісті жыл болды деп айта аламыз. ТМД қатысушы-мемлекеттерінің әрбірінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түрлі құнды еңбектер жарық көрді. ТМД қатысушы-мемлекеттерінің баспа ісі, кітап шығар ісі қарқынды алға жылжып келе жатқанын байқауға болады. Пандемияға қарамастан, Қазақстан Республикасы тарапы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, қорытынды шығарып отыр. ТМД елдерімен мәдени-рухани байланысымыз одан әрі тереңдеп, ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесінің жұмыстары жаңа бір белеске көтерілді деп айта аламыз. Алдағы уақытта Кеңес аясында өтетін кітап көрмелерінде, осындай іргелі жиындарда оффлайн бас қосамыз деп үміттенемін. Белсенді түрде жұмысқа араласып, барлық бастамаларға атсалысқан әріптестерге шын жүректен алғыс айтамын!» - деді ол.

Ресей Федерациясы Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінің БАҚ-тағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы Александр Воропаев та бұл ретте өзінің пікірін білдіруді жөн санады.

«Биыл ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесінің жұмыстары онлайн форматта өткеніне қарамастан, үлкен жетістіктерге жеткенін байқап отырмыз. Бұл – Қазақстан Республикасы тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Біз, осымен, төртінші мәрте бас қосып отырмыз. Әріптестермен қарым-қатынасымыз, Қазылар алқасындағы байланыс тату-тәтті, сый-құрмет шеңберінде өтіп жатыр. ТМД мемлекеттері арасындағы мәдени байланыс тереңдей түссе, мемлекетаралық достығымыз беки түспек. Осы ретте мен барша әріптестерімнің атынан Кеңес төрағасы Н. Дәуешовке және ұйымдастырушыларға байқауын алғыс білдіремін!» - деді ол.

Отырыс барысында ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесінің аясындағы жұмыстардың ауқымын одан әрі кеңейту және келесі жылғы Кеңеске төрағалық ететін тарапты бекіту жөніндегі мәселе қойылып, пікірлер тыңдалды.

Басқосу қорытындысында 2022 жылы ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесіне, бірауыздан қабылданған шешім нәтижесінде, Қырғыз Республикасы төрағалық етеді, төраға міндетін Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кітап палатасының директоры Қойчымбек Момункулов атқарады.

Жыл бойы онлайн жүздесулерге белсенді қатысып, көршілес елдермен достықтың үлгісін көрсетерліктей кітаптар ұсынған Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кітап палатасының директоры Қойчымбек Момункулов былай деді:

«Қадірлі әріптестер! Қазақстан Республикасы өткізген байқау көңілден шықты. Барлық іс-шараларды осындай жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін төраға Нұрқиса Мұратұлына, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлына алғыс білдіремін. Екінші кезекте, бізге алдағы жылы өтетін байқаудың төрағалық міндетін тапсырғандарыңыз үшін рахмет айтамын. Кеңес аясындағы барлық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, пандемия шектеулері алынса, жүзбе-жүз бас қосамыз деген үміттемін».

Халықаралық деңгейдегі жұмыстардың барлығы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің арнайы өкілдерінің өзара қабылдаған шешімі нәтижесінде жүзеге асады. ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық Кеңесі аясындағы іс-шаралардың салмағы жыл санап артып келеді. Халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту - Қазақстан Республикасының да басты ұстанымдарының бірі. 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы