Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев «Асыл сөздің» қонағы болды
Генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев «Асыл сөздің» қонағы болды
21-11-2021

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Асыл сөз» сұхбат жобасының рухани қоржыны тағы да бір келелі кездесумен, сырлы сұхбатпен толықты. Сәрсенбінің сәтінде Қазақстан Республикасы егемендік алған жылдары ҚР Қорғаныс министрі, ҚР ҰҚК төрағасы, ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы, ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы сияқты ірі лауазымды қызметтер атқарып, еліміздің әскери саладағы әлеуетін арттыруға үлес қосқан, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тер төккен генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев Кітап палатасының «Асыл сөз» сұхбат жобасына қонақ болып келді.

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының Баспасөз мұрағатында сақталған газет-журналдардан өзі жазған, өзі туралы жазған мақалаларды көріп, ризашылық білдірді.

Ертеректе Әбдіжәмил Нұрпейісов «Курляндия» романын М. Әуезовке алып барғанда «Оқтың тілі – шолақ тіл, сен мына шығармаға біраз тіл тауыпсың» деп баға берген екен. Сәт Бесімбайұлы да өз өмірінен, ұлт тағдырынан, мемлекет күнделігінен алынған түрлі қызықты деректерді қамти отырып, бірнеше кітап жазған.

Сәт Бесімбайұлы қаламынан туған үлкенді-кішілі еңбектердің ішінде «Жаным садаға» ғұмырбаяндық еңбегінің шоқтығы биік. Бұл еңбекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған жылдардағы әскердің халі, қорғаныс саласының тұралап қалғанының көрінісі, осындай ауыр мәселелердің шешілу жолдары көрсетіледі.

Өзінің іскерлігімен, кәсібилігімен, табандылығымен көптеген жетістіктерге жеткен кейіпкеріміз де «Асыл сөз» төрінде шешіле сөйледі. Көптеген тақырыптарға барысып, қызметкерлердің қойған әрбір сұрағына жауап беріп, жылы қоштастық.

Кездесу соңында ардагер ақсақал мекемеге, қызметкерлерге өзінің батасын беріп, жұмысымызға, қолға алған әрбір бастамамызға сәттілік тілеп, қолтаңба қалдырды.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы