Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Сұлтанхан Аққұлұлы Кітап палатасы ұжымымен кездесті
Сұлтанхан Аққұлұлы Кітап палатасы ұжымымен кездесті
14-12-2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ұжым қызметкерлері мен белді азаматтардың кездесуін ұйымдастырып келеді. Кезекті қонағымыз – белгілі алаштанушы-ғалым, халықаралық журналист Сұлтанхан Аққұлұлы. 

Үстел басындағы әңгімеге дейін ғалымның жарық көрген кітаптарынан, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалаларынан шағын көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, алаштанушы-ғалым биыл Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының жанынан ашылған «Сирек кітаптар мен қолжазбалар мұражайымен» танысты.

Дидар-ғайып сұхбат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы төңірегінде өрбіп, ғалым ұжым қызметкерлеріне бірқатар қызықты оқиғаларды айтып берді. Еліміздің егемендік алуға деген ұмтылысы сонау Алаш қайраткерлерінің қызметінен байқалатынын тәптіштеп түсіндірді.

Бүгінгі ұлан-ғайыр жеріміздің Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков сынды азаматтардың еңбегінің арқасында өзімізге бұйырғанын айтты. Бұл – бүгінгі күнгі қазақ баласының өткен тарихына құрметпен қарап, басындағы бағын бағалауына жеткілікті құндылық.

Кездесу барысында Сұлтанхан Аққұлұлы Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағын шығару барысында қалай жұмыс істегенін, деректерге негізді қайдан алғанын және ұлт көсемінің өміріндегі жабық тақырыптар туралы сөз қозғады.

Қазақ халқының қилы тағдыры, ашаршылық, жер бөлінісі, Алаш көсемдерінің ерен еңбегі – кездесудегі негізгі тақырыптар болып, басқосу үш сағатқа жуық уақытқа созылды.

Ұжым қызметкерлері алаштанушы-ғалымға көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап тапты. Тарихшы өз кезегінде келесі жылғы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына аса қызу дайындық үстінде екенін, ізденіс нәтижесінде қол жеткізген материалдарын кітап етіп басып шығару бойынша жұмыстанып жатқанын айтты.

Кездесу соңында Сұлтанхан Аққұлұлы өзін құрметтеп шақырған ұжымға, мекеме басшылығына ризашылығын білдірді. Қонақ пен ұжым қызметкерлері естелік фотоға түсіп, тағы бір келелі кездесуді қорытындыладық.

Кітап палатасының қабырғасында қонақ болған азаматтар саны уақыт санап артып келеді. «Қолтаңба» бастамасының сөресі де сәт санап толығу үстінде. Үздіксіз даму – бейбітшіліктің арқасында қолымыз жеткен ұлы мүмкіндік. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы