Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына арнайы келді
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына арнайы келді
17-05-2021
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына арнайы келіп, мекеменің жұмысымен, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысып, бірқатар мәселелерді талқылады. 

Сенат депутатының Кітап палатасына назар аударуы – күллі халық қалаулыларының ел руханиятына көңіл бөлуі. Ұлттық мемлекеттік кітап палатасындағы мұрағат, мұрағаттағы жәдігерлер – еліміздің тарихында аса маңызды рөл ойнайтын құндылықтар. 
Кездесу барысында ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов мекеменің жұмыстары туралы айтып, атқарылып жатқан жобаларды таныстырды. 

Мекеме ұжымымен және жұмысымен танысқан Алтынбек Нұхұлы Кітап палатасының маңызы, міндеті туралы айтып, атқарылып жатқан жобаларды қолдайтынын жеткізді. 

«Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы – мемлекеттік деңгейде маңызы бар мекеме. Еліміздің кітап ісі және баспа ісі нарығын реттейтін, мониторинг жүргізетін мекеменің қазіргі жұмы қарқыны көңілден шығады. Мұны жұртшылық та көріп, біліп отыр. Мекеме үшін биыл аса жауапты міндет жүктелген. Ол – «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және іріктеу» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылған кітаптарды алдын-ала іріктеу. Бүгін көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бағдарламаның жұмысын жаңа форматқа ауыстыру және оны жүргізу жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр екен. Біз кез келген мекеменің мәселелерін зерттеп, кемшіліктер мен кедергілер болған жағдайда, жауапты органдарға жеткізуге дайынбыз», - деді халық қалаулысы. 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы өткен жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Кітап палатасында ашылған «Сирек кітаптар мен басылымдар мұражайымен» танысты. ХІХ ғасырдың аяғында шыққан еңбектерді көріп, оларды насихаттау және сақтау жұмыстарына баса назар аудару қажет екенін жеткізді. 


«Біз қазіргі уақытта 2022 жылғы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру бойынша жұмыстанып жатырмыз. Сіздердегі мына баға жетпес дүниелерді насихаттауымыз керек. Төте жазумен жазылған, шағатай тілінде жазылған еңбектерді қазақ тіліне, кириллица жазуына аударуымыз керек. Сонда ғана жас буын даңқты бабаларымыздың еңбектерімен танысуға мүмкіндік алады», - деді ол.
 
Мекеме басшысы Алтынбек Нұхұлына сирек кітаптармен белгілі ғалымдардың жұмыс істеп жатқанын, рецензия жазылғанын және алдағы уақытта да зерттеу жұмыстары жалғасатынын жеткізді. 
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы