Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Алғыс пен аманат
Алғыс пен аманат
12-01-2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігін 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін басқарып келген Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы – мәдениет саласының майталманы, іскер басшы, сала жанашыры.

Ақтоты Рахметоллақызы басшылық еткен жылдары еліміздің мәдениет, спорт салалары жоспарлы түрде дамыды. Әсіресе, кітап шығару ісі, кітап тарату мәселелері жолға қойылды.

Нәзік жанды бола тұра, ер азаматтармен үзеңгі қағыстыра жүріп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың өршіп тұрған тұсында да жұмысты тоқтатпады. Жазушының отбасында өскен министр бүгінгі күнгі қаламгерлермен де оңай тіл табысып, көптеген қордаланған мәселелердің шешілуіне атсалысты.

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелердің барлығы өз даму жоспарларына сәйкес жұмыс істеді. Ауқымды әрі түйіні көп саланы жаһандық дүрбелең тұсында абыроймен басқарып, саланың даму қарқынын арттырған Ақтоты Рахметоллақызына алғыстан өзге айтарымыз жоқ.

Алдағы уақытта қызметіне табыс, отбасына береке, денсаулық және сәттілік тілейміз!

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкімет құрамын бекітті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі болып Абаев Дәурен Әскербекұлы тағайындалды.

Дәурен Әскербекұлы – мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өткен аса білікті тұлға. Жылдар бойы ақпарат саласын басқарып, бірқатар жаңашылдықтар енгізгенін ел біледі.

Мемлекет басшысының сенімді кадрларының бірі саналатын Дәурен Әскербекұлының мәдениет және спорт салаларының басшылығына тағайындалуы – сала дамуын Президенттің өзі қадағалап отыратынын айғақтайтын әрекет.

Дәурен Әскербекұлына жаңа қызметінде табыс, жетістіктер тілейміз!

#КүшімізБірлікте

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы