Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ДӘУРЕН ӘСКЕРБЕКҰЛЫ АБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ДӘУРЕН ӘСКЕРБЕКҰЛЫ АБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ.
07-04-2022

 

     Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Абаев Дәурен Әскербекұлы, вице министр Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы және Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Борашев Қуат ҚаҺарманұлы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына арнайы келіп, мекеменің жұмысымен танысып, бірқатар мәселелерді талқылады. Мәдениет және спорт министр Кітап палатасына келу барысында, еліміздің құнды кітаптары мен басылымдары сақталған мұрағаттың мүшкіл жағдайын көріп, бірінші кезекте ғимаратты ыңғайлы жерге көшіру жайлы сөз қозғады. 

     ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы «Сирек кітаптар мен басылымдар мұражайында» қойылған ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейін жарық көрген құнды кітаптарды (Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы, Ахмет Байтұрсыновтың бірнеше оқу құралы, Бейімбет Майлиннің, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың) көріп, оларды насихаттау және сақтау жұмыстарына баса назар аудару қажет екенін жеткізді. 

       Кездесу барысында ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Қойтанов Әділ Қаженбайұлы мекеменің жұмыстары туралы айтып, алдағы уақытта атқарылатын жобаларды таныстырды. 

      Мекеме ұжымымен және жұмысымен танысқан Дәурен Әскербекұлы мемлекеттің тарихы мен ұлт руханияты үшін, маңызды мұрағат қорларын сақтау - басты міндетіміз екенін айтып, атқарылатын барлық жобаларды қолдайтынын айтты.
 
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы