Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Кітап ісі: кеше, бүгін, ертең»
«Кітап ісі: кеше, бүгін, ертең»
15-04-2022


       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің Т. Қожакеев атындағы акті залында ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры, Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының президенті Әділ Қойтановтың «Кітап ісі: кеше, бүгін, ертең» атты шеберлік сағаты өткізілді. Бұл жиынға Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Рамазан, осы кафедра доценті, «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаев, дизайн өнерінің майталманы Бейсен Серікбай, аға оқытушы Назкен Жансерікқызы және болашақ баспагер студенттер қатысты. 
       Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараны Журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев ашып берді. Мұнан кейін бас баспагер Әділ Қаженбайұлы сөз алып, қазақ басылымының өткені мен бүгіні және болашағы жөнінде, сондай-ақ Кітап палатасының тарихы мен атқаратын қызметі һәм жоба-жоспарлары туралы кеңінен әңгімеледі. Сөз арасында жас мамандардың сауалдарына жауап берді. 
       Мәнді де мазмұнды өткен шара барысында кафедра студенттері Ерасыл Сайлауғали, Динара Боранбай өлең оқып, Қарашаш Сембек ән салды. Сөйтіп жиынға қатысушыларды бір серпілтіп тастады. 
      Кеш соңында Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Әмірғалиқызы шеберлік сағатты жүргізген Әділ Қаженбайұлына алғыс айтып, қара шаңырақ атынан кәдесый жасады. 
                                                                           Ермахан Шайхыұлы

                                                                          Суреттерді түсірген
                                                                          Ерасыл Сайлауғали
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы