Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Алматы кітап жәрмеңкесінің» қатысушылары марапатталды
«Алматы кітап жәрмеңкесінің» қатысушылары марапатталды
09-06-2022

Ағымдағы жылдың 28-30 мамыр аралығында өткен «Алматы кітап жәрмеңкесіне» 55 баспа мекемесі және жекелеген авторлар қатысып, 10 мыңға жуық кітап сатты.

Жәрмеңке аясында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы іс-шараларға қатысқан бірқатар ұжымдар мен жеке тұлғалар Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың және Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының Алғыс хатымен марапатталды.

Алматы қаласының әкімі орынбасарының Алғыс хатымен және Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының Алғыс хатымен Әділ Несіпбаевтың «Дара оқырман» клубы, «Мұратхан Шоқанның поэзия мектебі» ұжымы, «Жетісу қызғалдақтары» тобының ұжымы, Ержан Алаштуған, Роллан Сейсенбаевтың «Халықаралық Абай клубы», Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің ұжымы, Абай атындағы республикалық дарынды балалар гимназиясы ұжымы марапатталды.

Басқосуда Әділ Несіпбеав, Ержан Алаштуған, Мұратхан Шоқан өлең оқып, «Жетісу қызғалдақтары» тобының жетекшісі ілтипат пікірін білдірді.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы