Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Оқуға құштар мектеп» жобасының қарқыны жақсы
«Оқуға құштар мектеп» жобасының қарқыны жақсы
15-07-2022

Түркістан облысы әкімдігі 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасының іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас ұрпақ білімді болса елдің келешегін көркейтіп, еліміздің еңбек нарығын алға сүйрей түсері сөзсіз. Ол үшін өскелең ұрпаққа сапалы білім берілуі тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында арнайы тапсырма беріп, отыз таңдаулы кітапты ұсынған болатын.

Жоба – кітап оқудың мәртебесін, оның белсенділігі мен сапасын арттыру, балалардың мәдени және құзыреттілігін дамыту, жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан Төлімбеттің айтуынша, облыстағы аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел, балалар, оқылық!» кітапханашылар клубы құрылған.

«Педагогтер мен ата-аналардың белсенділігін арттыру мақсатында семинар-кеңестер өткізіліп, әдістемелік көмектер көрсетіліп, «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты байқауды ұйымдастыру қолға алынды. Бұдан бөлек, оқу мәдениетін қалыптастыру мен оқу сауаттылығын арттыру үшін мектеп кітапханаларында «Оқу сағаты», яғни әр оқушы білім ордасына келген сәтте 20 минут көркем әдебиет оқытып, оның қызығушылығын ояту. Бастауыш сыныптармен «Біз кітапханадамыз» оқу сағаты, ал 4-сыныптар арасында «Мен оқыған ертегі» челлендждер мен көптеген игі іс-шаралар атқарылып келеді», - деді Бақытжан Нұрмаханбетұлы.

Жоба аясында кітапханалар жаңа цифрлық кеңістікке де бет бұрған. Осы орайда, E-KITAPHANA мектеп оқырманына арналған бұлтты сервисін облысқа ендіру жұмыстары басталды. E-KITAPHANA цифрлы жүйесі облыстағы барлық білім беру ұйымдарындағы оқулықтар мен көркем әдебиеттердің электронды базасын құрады.

Сонымен қатар, «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасы аясында «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің «KitapХАН@» кітап оқу инновациялық жобасы 2021-22 оқу жылында бастау алды.
Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы