Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / ТМД елдері архив саласының ортақ мәселелері талқыланды
ТМД елдері архив саласының ортақ мәселелері талқыланды
16-07-2022

14 шілдеде Алматы қаласында Архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының 3-ші отырысы өтті. Кездесуде екі елдің архив саласын цифрландыру, бірлескен жобаларды іске асыру, Ресей Федерациясы архивтерінің қорларында сақталған Қазақстан тарихына қатысты тарихи құжаттарды табуға, олардың көшірмелерін алуға, пайдалануға және ғылыми айналымға енгізу аясында өзара ынтымақтасу, сондай-ақ, «Ресей мен Қазақстандағы ашаршылық. 1927-1934 жж.» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан» атты бірлескен құжаттар жинағын аяқтау және жариялау, оның тұсаукесерін бірлесіп өткізу мәселелері талқыланды.

Екі ел арасындағы келіссөздер берік тарихи байланыстарды және архив ісі саласындағы өзара тығыз іс-қимылды көрсететін достық әрі өзара құрмет жағдайында өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей архивтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, комиссия отырысының хаттамасына қол қойылды.

Күннің екінші жартысында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения архив саласы өкілдерінің қатысуымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік архив қызметтері басшыларының Консультативтік кеңесінің 18-ші отырысы өтті.

Отырыс барысында барлық қатысушылар еліміздегі архив ісінің жай-күйі туралы, оның ішінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық жүйелер мен электрондық архивтік қызметтерді енгізу, халықаралық ынтымақтастық және архив саласының материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратпен танысты.

Сонымен қатар, 2020-2021 жылдардағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі архив ісінің жай-күйі мен дамуы туралы талдамалық шолу туралы ақпараттар (құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және есепке алуды, архив қорларының құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін ұйымдастыру, архив құжаттарын пайдалану және оларға қол жеткізу, мұрағаттарды ақпараттандыру) баяндалды.

Шетелдік тараптар архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, оларды реставрациялау және электрондық форматқа көшіру мәселелері бойынша тәжірибелермен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш еліміздің архив саласының жетістіктерін, оның ішінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметінің процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін енгізу барысы туралы тоқталып өтті.

ТМД елдері азаматтарының әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру мен құқықтарын қорғау мақсатында кеңеске қатысушы елдердің архившілері «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жеке құрамы бойынша құжаттарды сақтау орындары туралы» деректер базасына қосылу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жолдарын анықтады.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы