Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Бөрте» Австралияға жол тартады
«Бөрте» Австралияға жол тартады
19-07-2022

2022 жылдың 4 қазанында Австралияның Мельбурн қаласында «Бөрте - әлем ханшасы» спектаклінің тұсауы кесілмек. Сахналық қойылым жазушы, драматург Дулат Исабековтың танымал пьесасының негізінде құрылған. Қазір дайындық жұмыстары қыза түскен.

 «Еуропалық драматургтер өз шығармаларында ондаған жылдар бойы тек ер адамдарды бас кейіпкер етуді әдетке айналдырған. Әйел образы жоқтың қасы деуге болады. Олар үшін Бөрте сенсация, тың жаңалық. Шыңғысханды жақсы біледі. Бөрте жайында білетіні аз ғана. Сондықтан олар пьессаны жай ғана «Бөрте» емес, «Бөрте әлем императрицасы» деп атады. Мен бұл атауды қуана қабылдадым», - дейді жазушы Дулат Исабеков.

Жазушы шығармашылығы шетел оқырманын несімен қызықтырып, қалай баурап алғанын өзі де білмейді. «Табыс кілтінің сыры неде екенін де айту қиын» дейді. Ұлылық қарапайымдылықта екені баршаға мәлім. Енді бір «Транзиттік жолаушы» қойылымын әлемдік театрлар сахналауға асық. Бұл туынды алдымен Санкт-Петербургте, кейін Лондонда өнерсүйер қауымның айызын қандырған еді. Дәл осы қойылым әлем сахналарындағы отандық жазушының тың еңбектерінің шеруіне бастауы болды. Ендігі кезекте Мельбурн. Күзде австралиялық көрермен тарихи тұлға Бөртенің бейнесін барынша танитын болады.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы