Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / БАҚ біз туралы: Кітап палатасы қандай мекеме?
БАҚ біз туралы: Кітап палатасы қандай мекеме?
22-07-2022

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының іргесі 85 жыл бұрын қаланды. Кітап палатасы Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап Палатасы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1937 жылғы 19 шілдедегі «Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап Палатасын құру туралы» бірлескен Қаулысы негізінде ұйымдастырылды. Қазір Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құзырында.

Кітап палатасы – Қазақстанда шығатын басылымдардың жарыққа шығуына бағыт-бағдар беріп, халықаралық стандарт талабына сай тіркеуге алатын, баспа және баспасөз өнімдерін жинап, сақтайтын, статистикасын жүргізетін бірден-бір ғылыми-библиографиялық мекеме. Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер шығару, баспасөз статис­тикасын жүргізу, жүйеленген каталогтар негізінде баспаларға, мекемелерге, жекелеген адамдарға ақпараттық-библиографиялық анықтамалар беру – Кітап палатасының негізгі қызметінің бірі. Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы баспаларға және баспа өнімдерін шығаратын ұйымдарға, штрих белгілер (ISBN) беруді жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы әрқашан жұмысы аясын кеңейтіп, кітап мәдениеті, жалпы ұлт руханиятын ұлықтау мақсатында түрлі жобаларды іске асырып келеді. Мәселен, орталықта «Smart Qalamger» жобасы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жоба аясында ҚР Жазушылар одағының 800-ден аса мүшесіне жеке веб-сайт құрастыру қолға алынды. Қазір бұл бастама түгелге жуық орындалып, ақын-жазушылар тегін веб-сайтқа ие болды, сертификаттарын алды.

Қазақстан Жазушылар одағымен бірігіп өткізетін «Асыл сөз» ­жобасы төңірегінде елімізге белгілі қаламгерлермен, мәдениетімізге еңбегі сіңген тұлғалармен еркін форматта сұхбат өткізіледі. Осы кезге дейін қазір арамыздан кеткен қаламгерлер – Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісов және Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовпен, сондай-ақ Мемлекеттік сыйлықтың ­лауреаттары Мырзатай Жолдасбековпен, Сәбит ­Досановпен, Бексұлтан Нұржекеұлымен, Қазақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімовпен мазмұнды сұхбаттар ­жасалды.
Кітап палатасының 85 жылдық мерейтойы аясында Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы алаңда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ұйымдастырған «Алматы кітап жәрмеңкесі» жоғарғы деңгейде өтті. Тұңғыш рет өткізілген кітап мерекесі үш күнге жалғасты. Жәрмеңкеге 55 қазақстандық баспа, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясынан арнайы делегациялар қатысты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, директор орынбасарлары белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы және Толқын Сәлменбаева.

«Ana tili» газеті

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы