Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Қуат Борашев Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Қуат Борашев Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
09-06-2021

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қуат Борашев Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Бүгін Ақтоты Райымқұлова жаңа комитеттің басшысын ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Біздің анықтама:
Қуат Қахарманұлы Борашев 1972 жылы 12 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін Журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған.
1994 жылы мамыр-қазан аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясында тілші болды.
1994-1995 жылдары — орта мектеп мұғалімі.
1995-1997 жылдары — «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы.
1997 жылғы шілде-қыркүйек аралығында — «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы.
1997-2000 жылдары — «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы.
2000-2003 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы.
2003-2005 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі. 2005 жылғы ақпан-маусым аралығында — «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі.
2005-2006 жылдары — «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі.
2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.
2006-2007 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы. 2007-2012 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 2012-2013 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.
2013-2017 жылдары — ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
2017 ж. маусым-қараша аралығында — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы.
2017-2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы.
2019 жылдың наурызынан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы