Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / АҚШ-та Мағауиннің жиырма бес томдығы басылып шықты
АҚШ-та Мағауиннің жиырма бес томдығы басылып шықты
25-07-2022

АҚШ-та Мұхтар Мағауин шығармаларының жиырма бес томдық «Толық жинағы» басылып шықты, деп хабарлайды Halyq Uniі. Жазушының magauin.com ресми сайтының хабарлауынша, «Мagauin Publishing» баспа үйінен басылып шыққан көптомдық қаламгердің сексен жасы, алпыс жылдық шығармашылық қызметінің мерейлі қорытындысы есебінде.

Толық жинақ жанрлық, хронологиялық негізде түзілген. Əрбір кітаптың көлемі 550-650 беттен. Төл мəтіндер соңында дəйектеме түсініктер берілген. Тиражы шектеулі.

«Жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші томдар – тұтасымен мемуар. Қаламгердің жеке басы емес, көрген, білген, алдынан өткен, қатарлас жасаған белгілі тұлғалар туралы. «Естеліктер кітабы» аталады. Үлкендерден бастап айтсақ – өзі дəрісін тыңдаған Мұхтар Əуезов, игілікті ғылыми жетекші – Бейсенбай Кенжебаев, ықыласына бөленіп, қамқорлығын көрген Мəлік Ғабдуллин, Əлкей Марғұлан, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Есенберлин, Нығмет Ғабдуллин, қатарлас жасаған Əбіш Кекілбаев, Мұқағали Мақатаев, Сайын Мұратбеков, Жұмекен Нəжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Кенжеғали Сағадиев, Мағауия Сембай жəне басқа да атпал тұлғалар қамтылған. Сондай-ақ, жастары үлкен, таныған һəм біліскен, жақсы қатынаста болған Гүлнар Дулатова, Əди Шəріпов, Темірғали Нұртазин, Өтебай Қанахин, Лəйла Əуезова, Əбдірəшит Ахметов, Əйтікеш Толғанбаев, кейінгі іні Жəнібек Кəрменов туралы толымды естеліктер. Бұл қатарда соңғы жиырма бесінші томның бір ерекшелігі – балалық шақ туралы «Балақан» атты роман-мемуар. Сонымен қатар, осы ақырғы томда жазушының жеке басына қатысты ғұмырбаяндық деректер, бұрынғы-соңғы жазылған шығармалардың хронологиялық тізбесі, түпнұсқада жəне əрқилы аудармаларда шыққан кітаптар көрсеткіші жəне «Толық жинақтың» əліпби тізбесі берілген. Анығын айтқанда, академиялық басылым дəрежесінде, тұтас бір ғылыми-зерттеу институтының тынымды шаруасы есепті», - деп жазды Едіге Мағауин.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы