Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Жастардың әңгімелер антологиясы жарық көрді
Жастардың әңгімелер антологиясы жарық көрді
25-07-2022

«Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен жас қаламгерлердің «Дауыс» әңгімелер антологиясы жарық көрді. Бұл – Бақытбек Қадыр, Досхан Жылқыбай, Есбол Нұрахмет секілді жас прозаиктердің өз бастамасымен құрастырылған жинақ.

Жинаққа алғысөз жазған атақты жазушы Мұхтар Мағауин жастарды «қаламмен ұлттық мұратқа қызмет етуге» үндеп, ақ батасын берді.

«Кітаптың «Дауыс» деп аталуының мәні терең. Қазіргі авторлар – шығармашылық еркіндіктің тұсауы шешілген кең заманның қаламгерлері. Кеңес үкіметі кезінде аға буын жазушыларымыз өз туындыларын қатал цензура жағдайында жазса, қазір шығармашылыққа шектеу жоқ. Жас қаламгерлердің дауысы жаңа заманның шынайы әдебиетін қалыптастырады деген үмітіміз бар», – дейді қор өкілдері.

Кітап AQ Кітапхана сериясымен шыққан, таралымы 1000 дана.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы