Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Өскеменде QR кітап көрмесі ашылды
Өскеменде QR кітап көрмесі ашылды
05-08-2022

Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Алтайньюстің мәліметінше, көрменің ерекшелігі – оқырмандар кітапты сөредегі QR кодтарды сканерлеу арқылы оқиды. Сөрелерге Абай Құнанбайұлының кітаптары, балаларға арналған шығармалар, әртүрлі тақырыптағы шетел жазушыларының еңбектері қойылған.

Кітапханаға жолымыз түсе бермейді. Бірімізде – жұмыс, бірімізде – оқу дегендей... Ал бос уақыт бола қалса, бала-шағамызды ертіп, көшеге серуенге шығамыз. Осындай кезде алдыңнан кітаптар күтіп тұрғаны керемет екен. Әсіресе балаларға арналған туындылар қызықтырды. Алдағы уақытта кітапханаға барып тұруды әдетке айналдырсақ деген ойдамыз, – дейді Ләззат есімді қала тұрғыны.

Кітапханашылар QR кітап көрмесін енді әр апта сайын қаладағы саябақтарда ұйымдастырады.

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы