Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Менің Әуезовім» түрік тілінде жарық көрді
«Менің Әуезовім» түрік тілінде жарық көрді
08-08-2022

Бүгін елордадағы Ұлттық Академиялық Кітапханада заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай түрік тіліне аударылған академик Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің таныстырылымы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты бұл шығарма арқылы елдің өсер өркеніне халықтың ұлттық асыл құндылықтарын, қоғамдық сананың тазалығын сақтау, қорғау, өскелең ұрпаққа кінәратсыз тапсыруды ұсынған интелектуалды романды насихаттау.

Аталған жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов, халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, «Benim Auezvum» кітабының құрастырушысы (З.Қабдоловтың шәкірттері атынан) Амантай Шәріп, ақын, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, Мұхтар Әуезов музей-үйінің директоры Дияр Қонаев, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі Светлана Ананьева, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері, бірнеше телесериалда М.Әуезов рөлін ойнаған әртіс Боранбай Молдабаев, З. Қабдоловтың немересі Абай Қабдолов, Абылай Қабдолов және т.б. ғалымдар мен профессорлар қатысты.

 

Басқа жаңалықтар
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
26-04-2024
Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл.
25-04-2024
Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды
23-04-2024
23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық кұқық күніне»
23-04-2024
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы