Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады
10-08-2022

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министр өзі жетекшілік ететін барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Дәурен Абаев азаматтардың жекелеген санаттарының кірісін арттыру шаралары туралы айтты. Атап айтқанда биыл мәдениет, өнер және спорт мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өскен. Министрлік Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты жалғастырады.

Мәдениет және спорт министрі кітап шығару саласындағы жағдай туралы баяндады. Қазір негізгі күш баспа өнімдерінің, соның ішінде балалар әдебиетінің бәсекеге қабілетін арттыруға, сондай-ақ жазушыларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар Президентке мұрағат қоймаларын жаңғырту мен цифрландыру жайы айтылды.

Қазақстандық спортшылардың халықаралық ірі жарыстарға, 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де жеке қарастырылды.

Мемлекет басшысы министрлікке бұқаралық және балалар спортын дамыту, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев туристік инфрақұрылымды дамыту мен шетелдік инвесторларды тарту және бірлескен туристік жобаларды іске қосу үшін қажетті жағдай жасаудың маңызды екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы