Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Мажарстанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтті
Мажарстанда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтті
12-08-2022

Будапешт қаласында Халықаралық Түркі академиясы әзірлеп шығарған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы мен Арминий Вамберидің «Путешествие по Средней Азии» атты кітабының таныстыру рәсімі өтті.

Түркі академиясы Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігімен бірлесіп өткізген іс-шара көрнекті ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл және көрнекті мажар түркологі Арминий Вамберидің туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Қазақ, ағылшын және чех тілінде жарық көрген «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағына Ахаң туралы замандастарының, кейінгі буын өкілдері және қазіргі зерттеушілердің таңдаулы мақалалары топтастырылған.

Ал «Түркістан» сериясы аясында жарық көрген «Путешествие по Средней Азии» еңбегінде әйгілі саяхатшы Арминий Вамбери Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениеті, этнографиясы мен географиясы туралы мол мәлімет қамтыған. Бұл кітап алғаш 1865 жылы Санкт-Петербургте орыс тілінде жарық көріп, кейін Түркістан генерал-губернаторы К.П.Кауфманның бастамасымен әзірленген «Түркістан жинағының» 12-томына енген. Түркі академиясы түркологтың аталмыш еңбегін түпнұсқасына сәйкес қайта жариялады.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы