Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Детектив жанрындағы шығармалар кітап болып шығады
Детектив жанрындағы шығармалар кітап болып шығады
16-08-2022

Отандық қаламгерлердің детектив жанрындағы шығармалары кітап болып шығады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы Ішкі істер министрлігі ел тарихында тұңғыш рет «Серт» детектив шығармаларының республикалық байқауын өткізген болатын. Әдеби байқаудың басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін, сонымен қатар қазақстандық патриотизмді арттыру, қоғам назарын полиция мен басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиын және қауіпті жұмысына аудару», - деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігі Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы аясында республикалық «Серт» байқауын жариялады. Байқауға қатысатын шығармалар осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.

«Ішкі істер министрлігі байқауға қатысуға шақырады. Жеңімпаздар Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай жарияланады. Ал байқау қорытындысы бойынша детектив жанрындағы қазіргі заманғы отандық жазушылардың шығармалары жинақталған кітап басылады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы