Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Облыстық «Маралтай оқулары» өтті
Облыстық «Маралтай оқулары» өтті
17-10-2022

Жамбыл облысының Сарысу ауданында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында «Маралтай оқулары» облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Екі номинациядан құралған байқауда үміткерлер поэзияны сүйетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, өлең жаза білетін ақындық талаптары бойынша сынға түсті. Одан әрі Маралтай Райымбекұлының шығармаларын жетік меңгеруі бойынша әділқазылар алқасының бағасын алды.

Қазылар мүшелерінің қатарында ақын, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет; қазақтың қара өлеңінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан ақын, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш», «Дарын» сыйлықтарының иегері Маралтай Райымбекұлы; сонымен қатар, эпик жыршы, фольклорист Берік Мырзалыұлы; ақын, композитор, Сарысу ауданының азаматы, Игілік ауылының тумасы Асхат Абзелбеков; «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің директоры Оралхан Дәуіт; Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов және Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшылары болды.

Талапқа сәйкес қатысушылар өлең-жырлардағы сөз қолданысына, ой жүйелігіне, көркемдік ерекшелігіне, шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахна мәдениеті және киіміне баса назар аударылды.

«Маралтай оқуларының» қорытындысы бойынша топтан оза шауып, көптің ішінен дараланып көрінген үміткерлер арасында арнау номинациясы бойынша 16 баланың ішінде Дархан Айзатхан, Еркеназ Шәріпхан І орынды, Әсел Шерімбаева, Альбина Жұмабай, Инсан Рызбай ІІ орынды, Ерсұлтан Есімқұл, Қуаныш Сұлтаналы, Мирас Ғали ІІІ орынды иеленді.

Ал, мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 17 қатысушының ішінде Мөлдір Бейсенбек, Қырмызы Әубәкір І орын, Әсемай Құрманғали, Жансая Тоқбай, Дархан Мәтбай ІІ орын, Алдияр Жүзбай, Аршат Ниетбек, Толғанай Әбілахат ІІІ орынды жеңіп алды.

 

 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы