Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Қызыл жебе» романының қолжазбасы
«Қызыл жебе» романының қолжазбасы
18-10-2022

Жазушы Шерхан Мұртазаның архивінен алынған құнды құжат жарияланды. Оны әлеуметтік желіге жариялаған белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы болатын.

«Ақиқатты сүйетін Алаш баласы үшін бұл апта ерекше болғалы тұр. Өйткені қоғам өміріндегі ащы шындықты ашына айтып, өмірден халықтың құрметіне бөленіп өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерағаң – Шерхан Мұртаза дүниеге келген Әулиеата, Жуалы, Ақсай өңірінде бейсенбінің берекелі күніне орай 90 жылдық мерейтойы өтеді.

Оған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтен бастап күллі халық үлес қосуда. Мерейтой Шерағаң ескерткішінің ашылу салтанатымен басталады. Одан кейін Шерағаңның шығармашылығы мен қайраткерлік қызметіне арналған ғылыми конференция болмақ. Шерағаңның кіндік қаны тамған жері – Жуалы ауданындағы Талапты ауылынан қайраткер-қаламгердің музей-үйінің ашылуы да мерейтой мазмұнын аша түсетін тағылымды істің бірі.

Шерағаң тойы – шындықты сүйетін барша қазақтың тойы. Ал Шерағаң архивінен алынған мына құнды құжатты қаламгердің сол музей-үйіне шашылған шашу ретінде қабылдаңыздар» деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл жәдігер Шерхан Мұртаза атындағы орталықта сақтаулы. Орталыққа Әлижан Мұртаза аманаттап тапсырған.

 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы