Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Естен кетпес халықаралық кітап жәрмеңкесі
Естен кетпес халықаралық кітап жәрмеңкесі
24-10-2022

Германияда 19-23 қазан аралығында Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі (Frankfurter Buchmesse 2022) өтті. Осымен 74-ші рет өтіп отырған жәрмеңке барысында шетелдік баспаханалармен (Канада, Жапония, Корея, Үндістан, Чили, Түркия, т.б.) кездесулер өткізіліп, жаңа халықаралық байланыстар орнатылды. Кездесулер барысында балалар кітаптарын Брайль қарпімен және тактильді кітаптарды басып шығару мәселелері талқыланды.

Іс сапар соңында қаланың көптеген мәдени мекемелері қатысатын Bad Homburger Kulturnacht («Бад-Гомбург мәдениетінің түні») атты мәдени бағдарламасы аясында Қазақстан делегациясы қаланың мәдениеті мен тарихын тамашалауға мүмкіндік алды. Соның арқасында Готикалық мұражай, Artlantis галереясы, Синклер-Хаус мұражайы, Бад-Гомбург сарайы, Құтқарушы шіркеуі, Әулие Мария шіркеуі, Қалалық кітапхана және Куртеатр ескілді орындарды аралады.





Айта кетейік, «Frankfurter Buchmesse» халықаралық кітап жәрмеңкесі – әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесінің бірі саналады. Бұл шара жыл сайын қазан айының ортасында өткізіледі. Мұнда жиналған баспа ісі нарығындағы тың дүниелермен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алады. Ал пандемияға байланысты екі жылдық шектеуден кейін жалғасын тапқан кітап жәрмеңкесі осы жолы еш шектеусіз өтіп, оған әлемнің 100-ге жуық елі қатысты.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы