Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
26-10-2022


ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Сәлменбаева «Республика күні» мерекесіне орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Айтулы марапатты мереке күні Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыстады.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, директордың орынбасары Маралтай Райымбекұлы және барша ұжым шын жүректен әріптесін құттықтап, толағай табыс тіледі.

Айта кетейік, алты жылдан бері Кітап палатасында қызмет ететін Толқын Тұрғалиқызы жалпы 20 жылдан бері кітап ісі саласында жемісті еңбек етіп, осы саланың даумына зор үлес қосып келеді. Еңбектің еленгеніне қуанышын жасыра алмаған ол: «Баршаңызды осынау Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін мерекемен құттықтаймын! Бұл марапат менің ғана емес, жалпы Кітап палатасы ұжымының марапаты деп есептеймін», - деп атап өтті.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы