Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ресейде Әлихан Бөкейханов туралы кітаптың тұсауы кесілді
Ресейде Әлихан Бөкейханов туралы кітаптың тұсауы кесілді
28-10-2022

Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі, қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы жазылған «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» (Әлихан Бөкейханов. Аңыз адам) кітабының тұсаукесері өтті. Кітап авторы – ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодой.

Автор өз еңбегінде дереккөздерді, материалдар мен фактілерді, соның ішінде бұрын ғылыми айналымда пайдаланылмаған мұрағат құжаттарын, естеліктерді, сол жылдардағы газет-журнал беттеріндегі жарияланымдарды пайдаланған.

Бұған дейін кітаптың тұсаукесері Қазақстанның бес қаласында (Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Қарағанды) сәтті өткен болатын. Енді ресейлік ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мәскеу қаласында өтті.

Жиынды ашқан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев бұл кітап Қазақстанның тәуелсіздігін болжаған тарихи оқиғаларды зерттеуге елеулі үлес қосты деп есептейді.

Ғалымның пікірінше, Әлихан Бөкейхановты Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де тарихи қайраткері деп санауға болады, өйткені ол Мемлекеттік Думаға сайланды, Бүкілресейлік ұйымдардың жұмысына және Бүкілресейлік мәселелерді шешуге қатысты.

Сөз соңында Виктор Козодой кітаптың қазақ тіліне аударылғанын айтып, жақын арада жарық көретінін хабарлады.

Дереккөз: turkystan.kz.

 

 

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы