Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ташкент халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
Ташкент халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі
02-11-2022

Бүгін Өзбекстан астанасында «Ташкент халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі» басталды. Айтулы шара қараша айының 4-не дейін жалғасады.

«Tashkent Book Fest - 2022» жәрмеңкесі осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Шараға халықаралық баспа мен кітап сататын компаниялар, шетелдік кітап таратушы және баспа қауымдастықтары, кітап оқу мәдениетін насихаттайтын мекемелер қатысып жатыр. Естеріңізге салайық, Ташкент төріндегі кітап жәрмеңкесіне қазақстандық делегация да бар.

Жәрмеңкенің мақсаты – кітап оқуды насихаттау, қатысушы елдердің әдеби мұрасын дамытуға қолдау білдіру, оқырмандардың мәдениетін қалыптастыру, баспа ісі саласындағы халықаралық тәжірибені үйрену жән т.б. Сондай-ақ, кітап көрмесі аясында түрлі мәденет қайраткерлерімен, автормен кездесу ұйымдастырылады.

Айта кетейік, алғашқы жәрмеңке 2019 жылы өтсе, екінші Ташкен кітап көрмесі 2020 жылы өткен болатын. Оған Белгия, Ұлябритания, Германия, Қазақстан, Израиль, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Франция елдерімен қатар Өзбекстанның 30-дан астам жекеменшік және мемлекеттік баспа өкілдері қатысқан еді.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы