Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Кітап саласындағы байланыс
Кітап саласындағы байланыс
11-11-2022

Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Мәдени өкілі Маджид Алигар мырза ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына арнай келіп қонақ болды. Құрметті мейман өз кезегінде еліміздегі іргелі мекеме Кітап палатасының жұмыс барысына, жалпы Қазақстанның қазіргі таңдағы кітап нарығына қызығушылық танытты.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов мекеменің негізгі бағыты, осы тұрғыда атқарылатын істер турасында мейманға кеңінен әңгімелеп берді.

Кездесу барысында Маджид Алигар мырза дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Тегеран халықаралық кітап көрмесіне келер жылы қазақстандықтардың қатысу мәселесін де сөз етті. Мұндай көрмелерге қатысу екі ел арасындағы мәдени байланыстың нығаюына тікелей әсер етеді деген ол: «Келешекте Иранның рухани әлеміндегі кітаптарды тікелей қазақ тіліне аударуға қызығушылығымыз көп», -  деді.

Сондай-ақ, Маджид Алигар мырза қарашаның 23-25 аралығында Алматы қаласында өтетін «Ұлы жібек жолы» халықаралық көрмесіне Бас консулдық атынан қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы