Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Көркемдік әлемінің көш басындағы қаламгер
Көркемдік әлемінің көш басындағы қаламгер
30-01-2023

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің туғанына 80 жыл толуына орай «Көркемдік әлемінің көш басында» атты шығармашылық кездесу өтті.

Шараны қаламгер-журналист, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов. Ал салтанатты шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Құрметті қонақтар арасында белгілі жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеев; сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ; жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаев; белгілі журналист, Қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин болды.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Дулат Исабековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Көркемдік әлемінің көш басында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жиынға Қазақстанның белгілі жазушылары мен ақындары, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы