Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің апталық жұмысына шолу
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің апталық жұмысына шолу
06-02-2023

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Азиядағы ФИБА атқарушы директоры Хагоп Хаджирианмен кездесті. Тараптар елімізде баскетболды дамыту үшін ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Халықаралық баскетбол федерациясы Қазақстанда кеңсе ашу мүмкіндігін қарастыруда. Айта кетейік, бүгінде елімізде 25 кәсіби клуб жұмыс істейді, ал баскетболмен айналысатын қазақстандықтардың саны 400 мың адамды құрайды.

«Астана Опера» театрында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған Гала-концерт өтті. Маңызды кеште әлемдік деңгейдегі өнерпаздар - португалдық опера әншісі Сюзана Гашпар, Мария Мудряк пен Медет Шотабаев өнер көрсетті. Гала-концерт бағдарламасында А.Жұбановтың «Айтым сәлем, Қаламқас», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» және т.б. музыкалық туындылар ұсынылды.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген қазақстандық «Паралимпиец» фильмі Үндістанда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды. Режиссер Алдияр Байрақымовтың «Паралимпиец» фильміндегі басты рөлді сомдаған Асқар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды. Фестивальге 14 елден барлығы 57 туынды ұсынылды. Айта кету керек, бұл фильмнің алғашқы марапаты емес – өткен жылы ол Ресейдегі кинофестивальдерде 2 мәрте гран-при алды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі - баспасөз қызметінің жетекшісі қызметіне Мөлдір Әбдуәлиева тағайындалды. Ол осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі болған. 2015 жылдың мамыр айынан 2018 жылғы мамырға дейін «Еуразия» бірінші республикалық телеарнасының продюсері болып қызмет істеді. 2018 жылдың мамырынан 2021 жылдың мамырына дейін Atameken Business республикалық телеарнасының тілшісі және жүргізушісі қызметін атқарған.

Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Шешуші ойында біздің команда Исландияны 7-0 есебімен ұтты. Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 15 ұпаймен екінші дивизионның А тобына шықты.

 

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы