Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Астанадағы әдеби кеш
Астанадағы әдеби кеш
08-02-2023

Бүгін Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбайдың әдеби кеші өтеді. «Қарашығымдағы қара өлең» атты әдеби кеш ақынның 65 жасқа толуына орайластырылып отыр. Айта кетейік, Ғалым Жайлыбай 1958 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «Жеңіс» ауылында туған.

Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеметтанушы мамандығы бойынша (1993) бітірген. Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет етті. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақ радиосының» бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Жұлдыз» журналының бас редакторы секілді қызметтер атқарған.

«Жанымның жапырақтары» (1988), «Жүрегімнің жұлдызы» (1996), «Құсқанаты» (2001), «Ардакүрең» (2008), «Ақ сиса», «Белый ситец» (2012), «Қара орамал», «Черный платок» (2014), «Бір тал үкі» (2014), Тобылғы жарған» (2014), «Тамакөшкен» (2016), «Есіл ағады» (2016), «Ай сынығы» (2020), «Ай таңбалы арғымақ» (2020), «Черноглазый лик» (2018), «Сұлубайдың әні» (2019), «Жаратқанның жазуы» (2022) жарық көрген. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы 2014 жылы «Фолиант» баспасынан басылып шықты. 2018 жылы түрік тілінде «Янки» атты бір томдығы Анкара қаласында жарияланған. Өлеңдері мен поэмалары орыс, ағылшын, түрік, белорус, грузин, украин, татар, қырғыз тілдерінде, жеке топтамалары әлемнің 20-дан аса мемлекетінде басылған.Қарағанды лагері туралы «Қара орамал» поэмасы әлемнің 16 тіліне аударылып жеке кітап-альбом болып оқырманға жетті. Осы поэма Швецияның Стокгольм қаласында VI «ОРЕN EURASIAN» әлемдік байқауында 2017 жылы жүлделі үшінші орынды иеленді. Ғалым Жайлыбайдың Бейжіңдегі «Ұлттар» баспасынан да бір томдық еңбегі жарық көрген. Ресей Жазушылар Одағының С.Есенин атындағы алтын медалінің, «Құрмет» орденінің, бірнеше медальдардың иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Баянауыл және Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы. ҚР Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2022).

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы