Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ержұман Смайыл атындағы аудитория
Ержұман Смайыл атындағы аудитория
10-02-2023

Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде белгілі журналист Ержұман Смайыл атындағы аудитория ашылды.

Заманауи аудиторияның ашылу салтанатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің хаты оқылды. Одан әрі Нұрлан Оразалин, Уәлихан Қалижан секілді қаламгерлер жылы естеліктерімен бөлісіп, жаңадан құрылған «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлының құттықтау хатын Астанадан арнайы келген әріптес інісі Самат Мұса оқып берді. Сондай-ақ, ҚР Архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш лебізін білдірді.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев алдағы уақытта ұлттық университеттің «Өнегелі өмір» сериясымен жинағы шығатынын жеткізді.

Аудиторияның ашылуына Мамадияр Жақып, Дәулет Сейсенұлы, Жанболат Аупбаев, Қорғанбек Аманжол, Жүсіпбек Қорғасбек, Қали Cәрсенбай, Шархан Қазығұл және т.б баспасөздегі аға буын өкілдері, Рахман Алшанов бастаған ғалымдар мен зиялы қауым қатысты.

Айта кетейік, Ержұман Өтешұлы Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты. Сондай-ақ Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары – «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде редактордың орынбасары; 1987-2003 жылдары – «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары; бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы. 2003-2010 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған.

Басқа жаңалықтар
02-05-2024
Алматыда Маралтай Райымбекұлының поэтикалық-концептуалды кеші өтті
02-05-2024
     ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармалар қабылдауды бастады.
29-04-2024
Құрметті Маралтай Райымбекұлы!
29-04-2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ғасырлар руханияты» көрмесі өтті
  Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.
26-04-2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІРЛІК. ЖАСАМПАЗДЫҚ. ӨРЛЕУ» АТТЫ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы