Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің апталық жұмысына шолу
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің апталық жұмысына шолу
13-02-2023

Асхат Оралов елімізде алғаш рет өтіп жатқан жабық кешендегі жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. Құрлық біріншілігі жеңіл атлетика күнтізбесіндегі ең маңызды жарыстардың бірі. Турниге қатысу үшін Астанаға 31 елден 360 спортшы келді. Қазақстан атынан жеңіл атлетиканың 24 түрі бойынша 69 спортшы қатысады. Азия чемпионаты 12 ақпанда аяқталады.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандық мергендерді Әлем кубогындағы тарихи жеңіспен құттықтады. Ел құрамасы Джакартада өткен Әлем кубогында 3 алтын, 5 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алып, жалпы медальдық есепте бірінші орынды иеленді. Әлем кубогында ұлттық құрама сапында 15 спортшы өнер көрсетті. Министр үзік нәтиже көрсеткен мергендерді құттықтап, жаттықтырушылар штабына алғысын білдірді.

Асхат Оралов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиоламен кездесті. Кездесуде екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ Алматыда жол-айналма мотожарысынан Moto GP - әлем чемпионатының кезеңін өткізу мәселелері талқыланды. Асхат Оралов спорттық дипломатия елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, туристерді көптеп тартатынын атап өтті. Испания елшісі Moto GP — бұл басты және ең беделді мотоцикл жарысы екенін айтты. Турнирге әлемдегі ең мықты шабандоздар, сондай-ақ мотоцикл техникасының озық өндірушілері қатысады.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қазақ тіліне дубляждалған «Аватар: Су жолы» фильмі абсолют рекорд орнатты. Ғылыми-фантастикалық туындының қазақ тіліндегі нұсқасын 43 мыңнан астам көрермен тамашалап, кассалық табыс алғаш рет 71 миллион теңгені құрады. Бұл Голливуд фильмдеріне дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің нәтижелі жұмысының арқасында 7 елге 10 жаңа әуе бағыты ашылды. Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады. Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті. Мысалы, былтыр Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.

2022 жылы шетелден 7000 тарихи құжат елге қайтарылды. Құнды құжаттарда еліміздің тарихы туралы тың ақпараттар бар. Оларды қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар зерттеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия секілді және т.б. Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі бірыңғай деректер базасын құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы