Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Ауылға кітап» акциясы
«Ауылға кітап» акциясы
15-02-2023

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Ауылға кітап» акциясымен Түркістан облысына арналған кітап қоры жинақталды.

Бірнеше жыл қатарынан тойланып келе жатқан кітап сыйлау күнінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында республика көлемінде кітаптар әкелінді. Кітапхана директорының айтуынша, алдағы уақытта бұл бастама тек мейрам күні ғана емес, жыл бойы жалғасын табатын болады.

«Акция уақытында 20 мың кітап жиналады деген сенімдеміз. Олардың барлығы сәуір айында Түркістан облысына жіберіледі. Белсенді қатысушылар өте көп. Бұған дейін шетелде тұратын қазақ оқырмандарына «Әр қазаққа бір кітап» акциясымен шет елдерге кітап жіберген болатынбыз», - деді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева.

Шараға Ресей, Португалия, Үндістан елшілері, зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер қатысып, өздерінің кітап қорынан кітаптар тарту етті.

«Кітап оқитын азаматтар қатары көбейіп келе жатқандығы қуантады. Кітапханамен бірлесіп үлкен шаралар ұйымдастырмақ ойымыз бар. Бүгінгі акцияға арнап хинди тілінен қазақ тілі мен орыс тілдеріне аударылған басылымдарды ұсынып отырмын. Бұл кітаптар оқырманға берері мол деп ойлаймын», - дейді Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди.

Кітапханаға 40 дана кітап сыйлаған Рымбала Смаилова өзі аударған Гарри Грейдің «Бір кездері Америкада» атты романының қазақша нұскасын ұсынды.

«Кітап – ұлы азық. Бүгінгі жастарда кітап оқу мәдениеті қайта жаңғырып келеді. Бастысы ниеті болса жеткілікті. Мен жасым келсе дағы, бір қыста отырып романды аударуға қарқым жетті. Өтіп жатқан акцияны қолдау мақсатында бірнеше томдық кітаптар жинағын табыстадым. Менің еліме деген үлесім болсын. Кітап оқыған адам міндетті түрде үлкен белестерге жетеді.

Еске салайық, «Ауылға кітап» акциясы сәуір айына дейін жалғасын табады. Түркістан облысынан кейін Абай, Ұлытау облыстарына кітап қоры жіберіледі.

Дереккөз: El.kz

Басқа жаңалықтар
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
14-05-2024
Ақын, драматург, прозаик, журналист әрі аудармашы Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл
14-05-2024
Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Экспедиция қатысушылары Семейдегі бірнеше тарихи жерлерді аралады
13-05-2024
Бүгін жазушы, журналист, публицист Әнуар Әлімжановтың туғанына — 94 жыл.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы